• RU
  • EN
  • KZ
  • Телекоммуникация қызметтері

    Кешенді технологиялық байланыс қызметінің кез келген шешімі ең замануи деңгейдегі байланыс қызметтерін кешенді қамтамасыз етуді қажет ететін пайдаланушыларға бағытталған: Интернетке үнемі, сенімді және сапалы кең жолақты қолжетімділік, жаңа уақыттығ цифрлық телефон станциясы, Motorola, Kenwood, Icom жабдықтарынды құрылған радиотранк байланысы.

    Бөлімшенің негізгі міндеті талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу және терминалдау бойынша жұмыстардың барлық кешенін орындау, СКС желілерді монтаждау, қала аралық, халықаралық телефон байланыс (ҚХТБ) қызметтерін ұсыну.

    Қызметтің жабдығына келесі жабдықтар жатады:

    • портативті цифрлық рефлектометр РЕЙС-105М — кабельдік байланыс желілерінде өлшеулерді жүргізуге, бұзылған жерлерін табу және оның сипатын анықтау (үзіліп кету, қысқа тұйықталу).
    • МС2+ абоненттік жұптардың талдауышы — ADSL, ISDN cтандарттарына (POTS/ISDN ADSL, ADSL модем арқылы ADSL) абоненттік жұптардың өлшемдерін жүргзуге арналған.
    • оптикалық рефлектометр FL-OF-500-S — бұл көпмодалы және бір модалы талшықтардағы оптикалық қуаттың шағылу және жоғалту нүктелерін (оқиғалар деп аталатын) анықтауға және тануға мүмкіндік беретін портативті рефлектрометр (OTDR, Optical Time Domain Reflectometеr).
    • оптикалық шағын рефлектометр Agilent E 6000C —  оптикалық қуаттың шағылу және жоғалту нүктелерін анықтауға және тануға мүмкіндік беретін.
    • Fujikura FSM-40S дәнекерлеу аппараты – автоматты режимде екі шыны оптикалық талшықтарды дәнекерлеуге арналған.
    • Fluke DSP-4000 сандық кабельдік анализатор – жүйелік интеграторлар мен мыс және оптикалық арналарды қолданыстағы және болашақ стандарттарының талаптарына сәйкес сертификаттау қажет желі иелеріне арналған.
    • ST/SC оптикалық кабелін терминдеуге арналған құралдар жиынтығы.
    • FLUKE 175.177 EGFID MULNIMETR өлшеуіштері.
    • қысқыш және соққыш құрал.
    • оптикалық талшықпен және бұралған жұппен жұмыс істеуге арналған кәсіби құралдар жиынтығы.
    • LINK-TESTER (RJ-45).
    • 3M технологиясы бойынша оптикалық және мыс кабельдермен жұмыс істеуге арналған муфталар.
    • LINK-TESTER (RJ-45).
    • PTS 100/200 тестілік жиынтығы.
    • клиентке E1 ағынымен соңғы мильді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін G.SHDSL модемдері.
    • УАЗ-33094 негізіндегі арнайы автомобиль.

    Қызметкерлердің жоғары кәсібилігі, біліктілікті үздіксіз арттыру, жақсы техникалық жабдықтау, ең озық технологиялар мен материалдарды қолдану бізге барлық жұмыстар тізімін жоғары сапада және оңтайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс әдістері мен тәжірибесі кешенді технологиялық байланыс қызметіне әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – «Қарашығанақ» үшін телефон байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.