• RU
  • EN
  • KZ
  • Технологиялық көлік цехы

    Технологиялық көлік цехы (ТКЦ) өз тарихын 1998 жылы «Ақсайгазсервис» АҚ Автокөлік цехы ретінде бастады. Цехтің негізгі мақсаты Қоғамның бөлімшелерін көлікпен қамтамасыз ету болды. Цехтің Автомобильдер паркі құрылған сәтте негізінен жеңіл көліктен тұратын 20 бірлік құрады.

    Бүгінгі таңда ТКЦ паркінде арнайы және автомобиль көлігінің саны 240 бірлікті құрайды және Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі автокөлік кәсіпорындарының бірі болып табылады.

    ТКЦ 170 көлік орынға арналған жылы тұрақпен, жөндеу шеберханаларымен, ағымдағы жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге арналған бекеттермен, авто жағармай станциясымен, қыс мезгілінде 97 бірлікті автотрактор техникасын электрмен жылытумен, қосалқы бөлшектерді, автошиналарды, аккумуляторларды және ЖЖМ сақтауға арналған қоймалармен жабдықталған қазіргі уақытқа сай базасы бар.

    ТКЦ жөндеу базасы қазіргі кездегі көтергіштермен, тексеру стендтерімен, түрлі домкраттармен және құралдармен жабдықталған.

    Қазіргі уақытта ТКЦ-да 393 адам қызмет атқарады, оның ішінде инженерлік-техникалық жұмыскерлер — 24 адам, жүргізушілер құрамы 353 адам, жөндеу қызметкерлері  16 адам.

    ТКЦ персоналының дайындық деңгейін арттыру үшін Жол қозғалысы қауіпсіздігінің арнайы жабдықталған класында үнемі оқыту жүргізіліп тұрады.

    Жұмыскерлерді көтермелеу және біліктілігін арттыруға ынталандыру үшін «Жүргізушілерге санаттылығын беру ережесі» әзірленген және қолданылады. «Авариясыз жұмысы үшін» сыйақы қарастырылған. Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуына және жол қозғалысының қауіпсіздігіне үлкен назар аударылады.

    Мұның барлығы ТКЦ-ға «Ақсайгазсервис» АҚ өндіістік қызметін қамтамасыз етуден басқа бөтен ұйымдарға қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

    Мысалы, соңғы12 жыл ішінде КПО б.в. компаниясына келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

    – қыс мезгілінде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнындағы жолдарды күтіп ұстау;

    – (ҚМГКК, Үлкен Шаған, Калмыково, Атырау Терминалында) қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау бойынша қызметтер.

    2012 жылы бәсекелестік орта жағдайында арнайы техника қызметтерін ұсынуға тендерді жеңіп алдық.

    Сонымен қатар «Флагман» ЖШҚ (Ресей), «Мультикатериг» ЖШС, «Денхолм – Жолдас» ЖШС, «АГС-Чемпион» ЖШС БК, «Рауан Налко» ЖШС, «Лигабуе Орталық Азия» ЖШС сияқты және тағы басқа компаниялар үшін автомобиль және арнайы техника қызметтері көрсетіледі.

    ТКЦ техникалық жабдықталуы:

    • Жүк көтерімділігі 25,50, 55,70, 130 тонна автокран — 11 бірлік;
    • MAN шассиіндегі көлемі 12м3 жылжымалы вакуумды қондырғы KOKS Eco Vac – 1 бірлік;
    • VDL ASK 18TK шанақты қондырмасы бар бункер тасығыш Scania P360CB6x4HHZ — 3 бірлік.
    • Көтеру биіктігі 28 м дейін автогидро көтергіш — 2 бірлік;
    • Түрлі модификациялардағы авто тиегіш — 14 бірлік;
    • Экскаватор Hitachi, ЕК-18, Litronic Liebherr және т.б.. —  7 бірлік
    • Түрлі модификациялардағы рефрижератор — 6 бірлік;
    • Коммуналдық жол машинасы — 3 бірлік;
    • Қоқыс тасығыш КАМАЗ  — 5 бірлік;
    • Вакуумды машина КАМАЗ  — 3 бірлік;
    • Автогрейдер — 2 бірлік;
    • Автомобиль-самосвал — 7 бірлік;
    • Самосвал тіркеме — 4 бірлік;
    • Көп функционалды құрылыс машинасы — 2 бірлік;
    • Автомобиль дәнекерлеу бекеті — 4 бірлік;
    • Авто-жанармайқұйғыш (МАЗ / ГАЗ)    — 2 бірлік;
    • УРАЛ шасси базасындағы авто шеберхана — 1 бірлік;
    • Ұңғымаларды зерттеу зертханасы ЛСГ 1  — 1 бірлік;
    • Ершікті тартқыш Камаз-54112А (длинномер) —  3 бірлік;
    • Аспалы жабдығы бар трактор МТЗ-82 — 3 бірлік;
    • Бульдозер Б10 М011 — 2 бірлік;
    • Миксер-бетон тасығыш   — 1 бірлік;
    • ЗИЛ 433362-6ОПА базасындағы су тасығыш — 1 бірлік;
    • Жол тегістейтін каток VM200 -1 бірлік;
    • Түрлі модификациялардағы автомобиль ГАЗ — 23 бірлік;
    • Түрлі модификациялардағы автомобиль УАЗ — 26 бірлік;
    • Концентрациясы 93% кұкірт қышқылын тасымалдауға арналған жартылай тіркеме цистерна ППЦ-8, V- 8 м3 — 1 бірлік.