«Ақсайгазсервис» АҚ өз қызметінде жұмыстардың барлық түрлері бойынша қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жұмыс орындарының еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесіне (ЕҚСЖ), мемлекеттік стандарттарға (МЕМСТ) сәйкестігі арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау саясатын ұстанады.
«Қоғамның» персоналын жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге оқыту, штаттан тыс және төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың бірлескен іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқыту іс-шаралары жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі, әр нақты жұмыс орнында әрбір жұмыскерді еңбекті қорғау саласындағы озық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саясатының мақсаты – қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесіне сәйкес өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық – техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу- профилактикалық және оқу шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру. 2016 жылы «Ақсайгазсервис» АҚ-та 4 088 393 адам / сағат жазатайым оқиғаларсыз және апатсыз жұмыс істеді, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті жұмыстарда рұқсат-нарядтар бойынша 3 638 662 адам / сағат жұмыс істеді.