"Ақсайгазсервис" АҚ "Парыз - 2016" республикалық байқауының Гран-при Иегері

"Ақсайгазсервис" АҚ "Парыз - 2016" республикалық байқауының Гран-при Иегері

Өтіп бара жатырған 2016 жыл "Ақсайгазсервис" АҚ ұжымы үшін айтулы оқиғамен аяқталды - Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 25 -жылдығын тойлау қарсаңында акционерлік қоғам "Парыз 2016" әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқаудың Гран-при марапатын иеленді.
 
6 желтоқсан күні Астана қаласында  өткен салтанатты да толқынысты жағдайда  жеңімпаздарды марапаттау номинациясы белгілі болғаннан кейін, "Ақсайгазсервис" АҚ - "Парыз-2016" байқауының Гран-при марапатының иегері атанды, Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев "Ақсайгазсервис" ақционерлік қоғамының басшысы Шектібаев Тілек Ишболатұлын жоғары жетістіктерімен құттықтап, республикалық байқаудың бас жүлдесі Гран - приді табыс етті.
Қарашығанақ сервистік қызметтер нарығында жетекшілік ететін, әсіресе компанияның еңбек сіңірген жетістігі және Батыс Қазақстан облысы шегінен тыс Қазақстанның түпкір - түпкіріндегі 501 ірі бизнес компаниялары "ірі кәсіпкерлік субъектілер" санатына лайық ұсынылып, осы марапатқа үміткер болды.

"Парыз" және "Алтын Сапа" конкурсының басты мақсаты - елдің бәсекелестігін өсіру және қазақстандық тауар сапасының, отандық бизнестің кең көлемде жоғары қарқында дамуының қабілеттілігі.Сонымен қатар, "Парыз" сыйлығы отандық бизнесті әлеуметтік бейімділігін қалыптастырады, әлеуметтік мәселелерді шешуге ірі, орта және шағын бизнестің кәсіпкерлерін ынталандырады, өз қызметкерлері үшін, сондай-ақ жалпы қоғам үшін "Парыз" байқауының осы салада ерекше мәртебесі Өндірістің көлемі мен ерекшеліктерінің айырмашылықтарына қарамастан, айта кету керек, қатысушыларды Мемлекет басшысы көрсеткендей - халықтың әл - ауқатын жақсарту сияқты басымдығы бар міндетті жүзеге асыру үшін ортақ талпыныс біріктіреді. Мекеменің соңғы оң жыл ішіндегі жұмысында өзіндік өндіріс пен сервис кеңейіп қана қоймай, сонымен бірге, еңбек ұжымының, сонымен қатар, Бөрлі ауданы халқының өміріне және жалпы Қазақстанға өзінің әлеуметті жауапты қатысуын ұлғайтты. "Ақсайгазсервис" оң, нәтежиелі қызметі кең ауқымды әлеуметтік жобаларды орындау бөлігінде біздің батыс қазақстан компаниясына "Парыз 2016" әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауы бойынша Гран-при беру туралы шешімімен мемлекеттік конкурстық комиссияның жоғары бағасына ие болды.
 
 
Тамаша безендірілген, жарқыраған залы, о орталық телеарналарының ондаған жұмыс істейтін бейнекамера, көптеген жарқын бояулар мен жарық -салтанатты, көтерінкі көңілге ықыластандырды. Үш жарым мың қатысушылар мен қонақтардың, олардың ішінде Үкімет мүшелері, министрлері, сенаторлар мен мәжіліс депутаттары, атақты спортшылар, танымал өнер адамдары және мәдениет қайраткерлері, басқа сөзбен айтқанда біздің елдің игі жақсылары мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың келуін күтті. Барлық номинанттардан толқу мен салтанат сезімі байқалып тұрды. Олардың алдыңда маңызды және жауапты миссия тұрды – жоғары наградаларды алу рәсімінде бұқаралық ақпарат құралдарының және Мемлекет басшысының, елдің жоғарғы басшылығының, іскер элитаның, қоғамдық ұйым өкілдері алдына сахнаға шығу.
Бірқатар жылдар бойы кәсіпорын екі рет 2006 - 2010 жж. "Алтын сапа" байқауына және 2010 - 2011 жж. екі рет "Парыз" сыйлығына ұсынылды, және барлық жағдайларда белсенді қатысқаны үшін конкурстарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Президент Әкімшілігі басшыларының қолдары қойылған Дипломдармен марапатталды, бұған қоса, "Ақсайгазсервис" АҚ 2010 жылы "Алтын сапа" республикалық конкурсының мәреге жеткендердің үштігіне кірді.
2010 ж. "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" техникалық реттеу және метрология комитеті төреағасының алғыс хатына , сондай - ақ экономикалық дағдарыты жеңу (Канны, Франция 2010 жыл), Қазақстанның экономикалық әлеуетін қалыптастыру үшін компанияның қоржынында "Еуропалық грант " құрмет марапатына ие.
2012 жылдың 25 желтоқсан айында Астана қаласы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен объектілерді Индустрияландыру картасымен іске қосу және "Парыз" и "Алтын сапа" республикалық сыйлығына лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты жалпыұлттық телекөпір өтті. Алғаш рет Батыс Қазақстан облысында "Ақсайгазсервис" Акционерлік Қоғамы жергілікті қазақстандық компаниясы жүз пайыз Қазақстан Республикасындағы ірі бизнес субъектісі ретінде "Үздік әлеуметтік – жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Алтын" Парыз " басты марапаты және Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолы қойылған Бірінші сыйлығының лауреаты дипломы "Ақсайгазсервис" АҚ президенті Шектібаев Тілек Ишбулатұлына табыс етілді.
 
 
 
Бұл кәсіпорынның әлеуметтік жобаларына нәтежиелі қаражат салу көптен күткен мойындау, адамдар үшін аса маңызды болып табылатын,"Парыздың" бүкіл бес жылдық тарихында барлық Батыс-Қазақстан облысына үлкен табыс болды - "Ақсайгазсервис" АҚ Қазақстан Республикасының "Алтын" республикалық конкурсында номинациясы бойынша ірі бизнес субъектілері арасында "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" және "Парыз 2016" әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауы бойынша Гран-при марапатына лайық атанып, Батыс Қазақстан облысы бойынша бірінші жергілікті жүз пайыз қазақстандық компания болып табылды.
Бұл лайықты жеңісті 2012 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев және 2016 жылы Көлгінов Алтай Сейдірұлы жылы шыраймен қарсы алып, Шектібаев Тілек Ишболатұлын және "Ақсайгазсервис" АҚ ұжымын айқын жеңісімен құттықтап, басқа компаниялар мен кәсіпорындарға кімнен үлгі алу керектігін және кіммен теңесу керектігін мысал қыла келе, үлкен еңбек үшін алғысын білдіріп, ризашылығын білдірді. Нұрлан Асқарұлы "Ақсайгазсервис" АҚ облыс экономикасындағы үлкен жұмысты атап қана қойған жоқ, сонымен бірге, Қазақстандық бизнестің жаңа формациясының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды әлеуметтік бағдарламаны қарқынды іске асыру керектігін атап өтті.
 
 
Адамдардың игілігі үшін "Ақсайгазсервис" компаниясы нақты не жасауда? Ең бастысы - соңғы жеті жылда мұнда 1050 жаңа жұмыс орындары ашылды және кәсіпорында бүгінде 1700 адам еңбек етуде, ал бұл Ақсайдың 35 мың халқы үшін маңызды әлеуметтік-қоғамдық мағына. Кәсіпорында ортақ әлеуметтік жауапкершілік "өзімдікі" және "өзгенікі" деп бөлінбейді. Басқаша айтқанда, еңбек ұжымының ішкі бағдарламаын жан - жақты қолдау, және көп жылдан бері әр - түрлі санаттағы азаматтарға жүйелі түрде көмек көрсету бойынша сыртқы жобалар тұрақты негізде және жүйелі түрде қолданылып келеді. Тұрақты кепілдіктерден басқа жұмыс беруші қазақстандық заңнамамен көзделген еңбек ұжымының әл - ауқатын арттыру мақсатында және қамқорлық көрсететін кешенді әлеуметтік пакет жұмыс істейді. "Ақсайгазсервис" қызметкерлері медициналық және профилактикалық бақылаумен, Қазақстанның бірқатар қалаларында тегін ем алып және Қазақстан, Ресей, Украина санаторияларында денсаулықтарын нығайтумен қамтамасыз етілген. Еңбектегі жетістіктері үшін материальдық ынталанадыру алады, олар үшін мерекелік шаралар ұйымдастырылады және спортпен шұғылдануға жағдай жасалады. Сонымен бірге, компания өскелең ұрпақ туралы да ұмытпайды. Мәселен, қызметкерлердің балалары компания есебімен Алматы және Орал жазғы лагерьлеріне демалуға барады. Қызметкерлердің денсаулықтарына қамқорлық жасай отырып, бос уақытын мәдениетті және пайдалы өткізуі үшін үш жыл бойы "Сары арқа" жүзу бассейні, бес жылға жалға №4 орта мектебінде волейбол сабақтары үшін спорт зал жалға алынды. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Әрбір құрылымдық бөлімше құрамында жұмысшылар, мамандар және бөлімше басшылары қатысатын өз волейбол командасы бар. Бұл олардың корпоративтік атмосферада тұтастығы мен татулығының айқындағы. Спорттық сабақтарға ұжым мүшелеріндегі барлық тілек білдірушілер қатыса алады.  үнемі Жеңіс күніне, қызметкерлердің мұнай - газ саласы күніне және Қазақстан тәуелсіздігі күніне орай кәсіпорындағы бөлімшілер арасында кемінде 14 командалар қатысатын спорттық жарыстар өткізіледі. Басшылықпен спорт сабақтарын белсенді насихаттау және қолдау тек өз қызметкерлерінен тұратын "Ақсайгазсервис" АҚ волейбол командасы 2010 жылы еңбек ұжымдары арасында "Ақбидай" республикалық волейбол біріншілігінде жеңімпаз аталды. 2012 жылдан бастап жетінші жыл қатарынан бөрлі ауданының намысы үшін қатысып, волейбол бойынша батыс қазақстан облысы чемпионы атағын ұстап келеді. Жеті волейболшы өндірістен қол үзбей, яғни кәсіпорында жұмыс істей отырып және жатыстарға қатысып, волейболдағы жоғары шеберлігі мен жетістіктері үшін "ҚР спорт шебері" атағына ие болды.
2016 жылы "Ақсайгазсервис" АҚ ҚР Тәуелсіздігіне және Экспо-2017 көрмесіне арнайы ұйымдастырылған волейбол бойынша Бөрлі ауданының  "Қысқы лига" чемпионатына қатысып,  бірінші орынды иеленіп, бас жүлде - "Қысқы лига" Кубогын жеңіп алды.
Турнир 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың ақпан айына дейін жалғасты. жарыста Бөрлі ауданынан 7 үздік командалар қатысты. қысқы лига жабылғаннан кейін "Ақсайгазсервис" АҚ волейбол командасы Ақсай қаласының Кубогы турнире қатысты, жарысқа қысқы лиганың мықты жүлдегерлер КПО б.в., «Конденсат» АҚ, Приурал құрамалары және «Аксайгазсервис» АҚ құрамасының командасы қатысып, «Аксайгазсервис» АҚ тағы да бас жүлдеге ие болып, ақсай қаласының кубогын жеңіп алды.
2012 жылы облыстық маслихаттың депутаты Т.И.Шектібаевтың бастамасымен Ақсайгазсервистің ерікті негізде кәсіби спортшылары жүргізетін қала тұрғындарымен және қызметкерлердің балалары үшін волейбол секциясын ашылды. Салауатты өмір - салтын, мәдени - бұқаралық іс - шараларды қолдауға соңғы жеті жыл ішінде 15 миллионнан астам теңге бөлінді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын қызметкерлерімен олардың отбасыларына 170 миллионнан астам теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2005 жылдан бастап қызметкерлерге әртүрлі сыйлықақылар және 651, 5 миллион теңге көлемінде ынталандыру төленді.  өндіріспен байланысты әлеуметтік жеңілдіктер бойынша төлемдер және өтемақы 960 миллион теңгені құрады.
2006 жылдан бастап, жыл сайын жұмысшылар мен мамандардың тарифтік ставкаларының мөлшері мен лауазымдық жалақылары 15-20% көлемі мезгілімен арытуда. Қызметкерлердің жалақысынан басқа әр түрлі қосымша ақы, үстеме ақы және қорға тікелей төленетін 25 - 35% - ға дейін коэффиценттер төленеді.  Жыл сайын оқытуға және жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін, басшылықты, инженерлік - техникалық және бухалтерлік кадрларды қайта даярлау курстарына 12 миллионнан астам теңге бөлінеді.
Жұмысшылар үшін көтермелеу және ынталандыру жүйесі әзірлендә және жұмыс істейді. Әр жылдың нәтижелеріне сәйкес байқауларда "Үздік өндірістік учаскесі", "Ең үздік қызметкер", "Үздік кәсіп иесі"  жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары, жалауша, естелік сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар тапсырылады. Мұнай - газ саласы күніне орай жұмыстарды қортындылау кезінде  120-дан астам өндіріс озаттары жыл сайын бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ұжымдық шарт әлеуметтік жеңілдіктердің, материалдық көмектің, қосымша ақылардың, жәрдемақылардың және қосымша демалыстардың кең тізбесін қарастырады. Жеті жыл ішінде денсаулық және еңбек қорғау іс – шараларын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллионнан астам теңге  жіберілді. Жеті жыл ішінде жылына екі рет барлық қызметкерлерге Мұнай - газ саласы күніне және жыл қортындысы «он үшінші жалақы» төленеді. 2012 жылдың нәтижесі бойынша Ақсайгазсервис басшылығының акционерлермен келісімі бойынша желтоқсан айының  жалақысымен қатар қызметкерлерге  «он үшінші жалақыны» төлеу туралы шешімге келді. Сыйақының жалпы сомасы 80 миллионнан астам теңгені құрайды. Нақты өндірістік тапсырманы орындаудың және бірнеше рет бір жолғы тәртіппен жоспарлық көрсеткіштердің нәтижесі бойынша цех, учаске және қызметтердің жұмысшыларына сыйлықақы тағайындалады. Дәстүр бойынша 8 Наурыз мерекесіне орай кәсіпорынның барлық әйелдеріне сыйлықақы төленеді. Әрине, ұжымға жағдай жасау үшін өндірісті және сервисті жұмыс көлемдерімен қайта құрып, өндіріспен қамтамасыз етіп, жаңа технологияны енгізіп, біліктілігі артқан мамандарды жинақтап, оларды оқытып және қайта оқытуды ұйымдастыру қажет, ал мұнын бәріне қол жеткізу үшін кәсіпорын жақсы сервис пен жақсы нәтижеге бағытталған мемлекетаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына, сонымен бірге, КПО б.в. және басқа да шетелдік тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келу керек.
Міне, осыдан кәсіпорын президенті Т.И.Шектібаевтың маңызды рөлін және үлкен жеке үлесін көруге болады. Біреудің бастамасымен, тұрақты бақылауымен және басшылығымен компанияда жеті жыл ішінде жергілікті қазақстандық компанияда бизнестің дамуының басым бағыттарында, сондай - ақ компанияның ішкі әлеуметтік жауапкершілік саясатында түбегейлі өзгерістер болды. Ниеттес адамдар мен мамандар - негізгі кадрлар командасын қалыптастырды.
"Ақсайгазсервис" АҚ және бөрлі әкімдігінің арасындағы көпжылдық әлеуметтік әріптестік оң жолға қойылған.  Қол қойылған меморандум аясында компания жергілікті халықтың көптеген әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектеседі. "Ақсайгазсервис" АҚ халықты жұмыспен қамту бөлімінің жергілікті тұрғындарын жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша ұсыныстарына түсіністікпен қарайды.
 Өндірісте жас мамандарды тарту, бекіту мақсатында  жергілікті жоғары және орташа техникалық кәсіптік оқу орындарындағы дипломы бар жас мамандармен ынтымақтастық туралы шарттарға отырды. Осындай ынтымақтастықтың шеңберінде кәсіпорынға 1120 адам, оның ішінде 530 дипламы бар жоғарғы оқу орындары мен техникумының түлектері  қабылданды. Тұтастай алғанда 29 жасқа дейінгі жастардың саны компаниның жалпы санынан 45%  құрайды. Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, интернаттармен бірлесіп жасаған жұмыстарға келсек,балалар "Ақсайгазсервис" АҚ өкілдерін қуана - қуана қарсы алады, өйткені қонақтар әрқашанда сыйлықтармен келеді.
2010 – 2011 жж. аудандық ардагерлер Кеңесіне 1 млн. 650 мың теңге қаражат бөлінді. 9 мамырда майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін марапаттау бойынша салтанатты іс - шарасы 2012 жылы «Ақсайгазсервис» АҚ толығымен өз мойнына алды және осы мақсатта 2 миллион теңге бөлінді. Кәсіпорын Бөрлі ауданының әр ардагерге – Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына көңіл бөліп, қамқорлық жасады.
Қайғыға тап болған жерлестерімізге шұғыл қаржылай көмек бөлу туралы мәселелер Компанияда әрқашан оң және жедел шешіледі. Арал Тал ауылдық округі бойынша тұрақты негізде көмек көрсетіледі: қысқы уақытта жолдарды қарау,  Жаңа жылда балаларға арналған жыл сайынғы сыйлықтар, мектептің спорттық құрал-жабдықтарды және техниканы ұйымдастыру, кенттік медпунктті компьютермен және принтермен жарақтандыру. 2012 жылы үлкен су тасқынынан зардап шеккен Орал және іргелес ауылдық аудандардың тұрғындарына 4,2 миллион теңге аударылды. Адамдарды құтқару үшін және зардаптарды жоюға арнайы техника бөлінді. 2010 жылы кәсіпорны жер сілкінісінің салдарынан тұрғын үйсіз қалған Рыбцех тұрғындарына, сондай-ақ, Алматы облысы Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге үлкен қаржылық көмек көрсетті.
"Ақсайгазсервис" АҚ өзіндік филасофиясы, тұжырымдамасы және әлеуметтік мінез-құлық кодексі қалыптасты. Өйткені тізіміндегі игі істерінен - аталған жобалардан басқа мүгедектерге, жалғызбаасты зейнеткерлерге, жетім балаларға көмек көрсетіледі. Істің мәніне келетін болсақ, кәсіпорын бірде - бір республикалық акциядан шет қалған жоқ.
Компания елдің ертені бүгінгі инвестицияларды білімге жұмсау  және өскелең ұрпақты тәрбиелеумен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сондықтан да бараларға деген қамқорлық пен ықылас - мемлекеттің даму  тұрғысынан ең негізгісі болып табылады. Бұл жерде "Жайық Құрылыс Газ" АҚ акционерлерінің маңызды, жауапты да оңды рөлін ескеру қажет, өйткені олар "Ақсайгазсервис" АҚ  басшылығын Бөрлі ауданы және ұжымын әлеуметтік қолдау ісінде көптеген жылдар бойы өзінің таза пайдасының едәуір бөлігімен бөлісіп, әрқашан түсіністікпен қарап келді.
Осылайша, Қоғамның әлеуметтік жұмыстарының негізгі бағыттарының келешегі  мен болашаққа деген көзқарасымен ерекшеленеді. Дегенменде, әлеуметтік жұмыстың негізгі бөлігі кәсіпорынның еңбек ұжымын қолдауға шоғырланған, сайып келгенде, аудан тұрғындары мен қызметкерлердің мыңдаған жанұяларынан қашанда оң пікірлер алуда. Атқарылған жұмыстың нақты, шынайы фактілері "Ақсайгазсервис" АҚ барлық әлеуметтік бастамалардың  басты мақсатын дәлелдейді - тек ел мен туған жердің өркендеуі емес, осы міндеттерді жеткізуде нақты істермен көмектесу. , Компанияның акционерлерлері бұл "Ақсайгазсервис" АҚ ерікті қайырымдылығының толық емес тізбесі  еместігін растайды, өйткені Ақсайгазсервис басшылығының командасы өз бизнесін  корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, өз ұжымымыз бен жерлестерімізге деген қамқорлық және мейірімділік,  борыш, жауапкершілік, отан сүйгіштік секілді қоғамның мәңгілік өмірлік құндылықтарына бейімдейді.
Әрине, "Ақсайгазсервис" үшін бұл ұғымдар бүгінгі күнгі сән ғана емес, кәсіпорын жұмысының саналы да сапалы көзқарасы, әкономикалық әсермен бірге бірнеше жылдар бойы жергілікті тұрғындарға ел үшін нақты пайда алып келуде. Отандық жеке бизнестің жауапкершілігінің жоғарлау деңгейі, оның ішінде, жергілікті қазақстандық кәсіпорындарреспублика мен өңірлердің 2012 жылғы бірінші сыйлығының лауреатының әлеуметтік бағдарламалар және жобалары  қандай болуы "Парыз" республикалық байқауының нәтежиелерін көрсетуі қуантарлық жағдай. Жыл сайын осы өмірлік маңызды істе  - өз халқына көмектесуде жаңа жобалар мен жаңа қатысушыларға жол ашады. Алтын "Парыз" жоғарғы мемлекеттік марапаты "Ақсайгазсервис" АҚ үшін жалпы Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданындағы экономикалық және әлеуметтік саласында қосқан мүлкен үлестің куәсі болып табылады.